Еуро-2024: Словакиямен матч алдында Зеленьский Украина құрамасымен сөйлесті
ДЮССЕЛЬДОРФ. 22 маусым. Еуропа чемпионатының 2-турында Словакиямен болатын ойын қарсаңында Зеленьский Украина құрамасына өз тілегін жеткізіп, жігіттерін жігерлендірді. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина президенті Володимир Зеленьский матчтың басталуына санаулы сағаттар қалған кезде өз елінің құрама командасы футболшыларына видеоарнаумен шықты.
«Президенттің сөзі құрама ойыншыларын айтарлықтай жігерлендірді, олар соның ықпалымен қорытындыда алаңдағы ахуалды күрт өзгертіп, маңызды жеңіске жетті», – деп жазды украин ресурсы.
«Президент Володимир Зеленьский Еуропа чемпионатының екінші турдындағы Украина және Словакия құрамалары арасындағы жекпе-жегі алдында біздің құрама футболшыларымен видеобайланыс арқылы сөз алмасты. Әңгіме барысында мемлекет басшысы ойыншыларға румындармен болған ойындағы жеңіліс украиндарға ауыр тигенін айтты», – деп атап өтті паблик.
Видеоконференцияға футболшылар мен жаттықтырушылар штабынан бөлек, қазір құрамамен бірге Германияда жүрген Украина футбол ассоциациясының басшысы Ондрий Шевченко да қатысты.
«Сіздер – біздің ұлттық құрамамызсыздар, біз сіздерді өте жақсы көреміз, құрметтейміз және сіздерге айрықша сенім білдіреміз. Мен әртүрлі сөздердің, ілік іздеушіліктер болатынын білемін. Мен тек жұрттың бәрі сіздерге тілектес екенін айтқым келеді, себебі, сіздер – олардың мақтанышысыздар», – деді президент футболшыларға арнаған сөзінде.
Матчтан кейін құраманның бас жаттықтырушысы Сергий Ребров ойын футболшылардың бар күшін алып кеткенін баяндады.
«Мен шешінетін жерге кіргенімде, олардың тіпті қуануға да шамалары жоқ екенін байқадым, олай болатыны, алаңда ақырғы күштері қалғанша шайқасты», – деді бапкер.
Оның айтуынша, ертең команда Бельгиямен 26 маусымда өтетін топтағы соңғы ойынына дайындалуды бастайды.
Еске сала кетейік, Украина құрамасы 21 маусымда Словакиядан үзіліске дейін 0:1 есебімен ұтылып жатып, екінші таймда екі гол соғудың арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Перед грою зі Словаччиною Президент України Володимир Зеленський поспілкувався зі збірною та побажав перемоги. Дякуємо за підтримку!», – деп жазды Украина футбол ассоциациясының мамандары өз сайттарында.