Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Қытайдың сауда айналымы бір айда $591,9 млрд жоғалтты

БЕЙЖІҢ. 8 наурыз. Қытайдың сауда айналымы қаңтар-ақпан айларында 591,9 миллиард долларға қысқарып кетті. Бұл турады ҚХР бас кеден басқармасы хабарлады.

Машын елінің биылғы жылғы қаңтар мен ақпан айларындағы сыртқы сауда айналымы 11 пайызға азайып, 591,9 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығынға ұшырады.

Ведомство өзінің сайтына жариялағандай, елдің экспорты жылдық өлшем бойынша 17,4 пайызға кеміп, 294 миллиард долларға ұтылған. Сол сияқты импорттың көлемі 4 пайызға азайып, тағы 299,5 миллиард доллардың кем түсуіне әсер еткен.

Соңғы екі айдағы кері сальдо 7,1 миллиард долларға жетіп отыр. Ал 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында ол оң нәтиже беріп, 43,7 миллиард долларға тең болған екен.

Мұның бәрі елде коронавирус індетінің кеңінен өршіп, тарап жатқанынан болып отыр

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button