Әжетхана қағазы үшін әйелдер қырғын төбелесті
әйелдер бірін-бірі жұлып жеді. Бұл туралы «The Sun» газеті хабарлады.
Төбелеске үш әйел қатысқан. Олар әжетхана қағазының супермаркетте қалған соңғы данасы үшін бір-бірін аяусыз соққылады.
Басылым хабарлағандай, оспадар оқиға Сиднейдің түбіндегі Чуллор қаласындағы сауда орталығында орын алған.
Олар бір-бірін жұлып жеп жатқанда, жұрт қарап тұрған, бірқатары көріністі видеоға түсірумен болған. Кейін осы видео әлеуметтік желіне тарағасын полицейлер төбелес «қаһармандарын» іздестіре бастаған.
Айта кету керек, әжетхана қағазы Австралия супермаркеттерінің бәрінде бір мезгілде таусылып қалған екен.
Мәселе мынада, жергілікті тұрғындар оны коронавирустың тарап жатқаны жайлы хабар тараған бойда көптеп сатып алып кеткен көрінеді.
Бір қызығы, австралиялық тұрғындарды азық-түлік өнімдері дәл бұлай алаңдатпапты.
https://ren.tv/player/video/embed/670289#autoplay=1;