АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Мирзиеёв мақта жинаудың тапсырысын алып тастады

ТАШКЕНТ. 8 наурыз. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв мақта жинауға мемлекеттік тапсырыс жүйесін жоятын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Құқық қорғаушылар бұл жарлық елде ондаған жылдар бойы қалыпты жағдайға айналған халықты және балаларды мақта жинауға күштеп шығару жүйесін жояды деп үміттенеді.

Мирзиеёвтің 6 наурыздағы жарлығына сай, биылдан бастап елде мақта өсіруге және сатуға квота болмайды. Фермерлер мемлекеттік мақта өндірісіне араласу міндетінен босатылады.

Халықаралық еңбек ұйымы Мирзиеёвтің жарлығын «тарихи шешім» деп бағалады.

Өзбекстан бюджетіне ең көп табыс мақта экспортынан түседі. Билік елдегі ыстық әрі құрғақ ауа райына қарамастан фермерлерге мақта өсіру бойынша квота бекітетін. Мемлекеттік тапсырысты орындау үшін мұғалімдер мен дәрігерлерден бастап, мемлекеттік қызметкерлер, балалар да мақта теруге еріксіз шығатын.

Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Өзбекстан билігін адамдарды күштеп мақта теруге шығаруды тоқтатуды сұрап келген. Кейбір ұйымдар әлемдік киім брендтерін Өзбекстан мақтасын алмауға шақырған. АҚШ Өзбекстанда тігілген өнімдерді импорттауға шектеу қойған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button