8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (видео)
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні (International Women’ s Day) – әйелдердің бүкіләлемдік мерекесі, ол сондай-ақ әйелдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардағы жетістіктері атап өтілетін күн болып есептеледі, онда планета әйелдерінің өткені, бүгінгі өмірі және болашағы тойланады.
Әйелдер күнін қазіргі заманғы тойлау салты бұрынғыдай теңдікті нығайта түсуді мақсат тұтпайды, ол көктем мерекесі, әйелдің қай мәртебеде және жаста болғанына қарамастан, сұлулығын, нәзіктігін, жан дүниесінің жоғарылығын әспеттеп, бағалайтын күн болып табылады.
Мереке Біріккен Ұлттар Ұйымында да атап өтіледі, ал кейбір елдерде, мысалы, Ресейде, Әзербайжанда, Беларусьте, Түрікменстан, Украинада ол ұлттық мереке болып саналады.
Бір қызығы, Халықаралық әйелдер күнін өткізу идеясы өнеркәсібі дамыған әлемнің басынан экспансия мегн сілкіністер өтіп жатқан, демографиялық дүмпулер мен радикалды идеология өмірге келіп жатқан 20 ғасырдың бас жағындағы алмағайып кезеңде пайда болды.
1910 жылы Копенгагенде жұмыс істеуші әйелдердің 2-ші Халықаралық конференциясы өтті (Second International Conference of Working Women). Онда Германия социал-демократиялық партиясы әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин (Clara Zetkin) күллі әлемде Халықаралық әйелдер күнін бірігіп мерекелеу идеясын ұсынды. Ол әйелдер күні жыл сайын барлық елде бір күні тойланып тұруы керек екенін алға тартты. Цеткин мерекенің мақсаты тұрғысында әйелдердің өз құқықтары үшін күресін атады.
1857 жылдың 8 наурызында өткен Нью-Йорк тоқымашы әйелдерінің «бос кастрөл маршы» болып өтті. Зерттеушілер оны Халықаралық әйелдер күнін тойлаудың тарихтағы алғашқыларының бірі ретінде қарастырады.
Бұл мереке БҰҰ шешімі бойынша өзінің «Халықаралық әйелдер күні» ресми мәртебесін 1975 жылы алды. Содан бері БҰҰ жыл сайын Халықаралық әйелдер күнін әйелдердің өз құқықтары және бейбіт әлем үшін күресі күні ретінде атап өтеді, ол әр жылы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Бұл күні құрлықтың бұрын ұлттық шекаралармен немесе этникалық, тілдік, мәдени, экономикалық және саяси айырмашылықтармен жиі бөлініп келген әйелдері бірге бас қосып, өздерін бірнеше ондаған жылдарға созылған теңдік, әділеттілік, бейбітшілік пен даму жолындағы күрестің бастамашылары ретінде сезінуге мүмкіндік алады.
Халықаралық әйелдер күні – бұл тарихты жасаушылардың барлық әйелдер үшін ойлап тапқан мерейлі мерекесі.
Мереке құтты болсын, қымбатты қыз-келіншектер, отандас аналар мен әпшелер, жеңгелер мен қарындастар, қыздар мен немерелер! Сіздерге әлемнің барлық жақсылығын тілейміз.
Енді rast.kz порталы сіздерге ақын Ғафу Қайырбековтің сөзіне жазылған композитор Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін ұсынады: