Түркістан облысының әкімі өзіне 21 жасар кеңесші алды

ТҮРКІСТАН. 7 наурыз. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 21 жасар Асыл Алдабергенді өзіне штаттан тыс кеңесші етіп тағайындап алды. Бұл туралы NewTimes.kz хабарлады.
Хабарланғанындай, әкімнің жаңа кеңесшісі оған жемқорлыққа қарсы күресте көмектесетін болады.
Аймақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Асыл Берікұлы Алдаберген 1998 жылғы 10 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, ол бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысындағы «Turkistan Adaldyq alany» жобалық офисінің менеджері болып қызмет істеген.
«2019 жылғы тамыздан бастап 3-ші санаттағы әділет мемлекеттік кеңесшісінің, Түркістан облысы жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық офисі жетекшісінің көмекшісі болып жұмыс істеді», – делінген хабарламада.
Әрине, бұл саладағы қызметін өткен жылғы тамыздан басшының көмекшісі болып бастаған болса, жемқорлықпен күресте орасан зор тәжірибесі бар екен!
Бірақ Faceboor әлеуметтік желісіндегі көп қолданушы бұған келісетін емес. Онда тіпті әкім тарапынан жасалған бұл қадамды қолдап отырған бірде-бір адам жоқ.
Облыс әкімі осы жөнінде өкім шығарған екі күннен бері әлеуметтік желіде бұл мәселе қызу талқыланып жатыр. Пікір білдірушілер түгелге жуық бұған сенбестік пен таңқалушылық білдіруде.
Солардың арасынан жөпелдемеде көзге түскендерін теріп алғанда, төмендегідей комментарийлерді оқуға болар еді:
«Шукеев и другие уже давно просто позабыли о совести и возмездии свыше!» (Адай Жетпис Тогыз)
«Интересно в чем его достижения, и вообще служил ли в армии, напрашивается вопрос, когда он все успел, и что он может насоветовать, и смех и грех» (Алмагуль Кайсина)
«Мудрец! Молодец! 21 год уже будет советы давать старейшинам-мудрецам!!!» (Гайни Тюлемисова)
«Ну да, он ведь жизнь прожил аж 21 год (зрелый возраст). У него наверняка большой опыт по вопросам противодействия коррупции. Есть чему у него учиться…» (Гулназ Кунанбаева).
«Ну, я понимаю, гений, вундеркинд по физике, математике, химии, музыке, в спорте, но ни как в 21 быть гением и талантом в борьбе с коррупцией!» (Даурен Жардем)
«Ну, если и 9 месяцев!!! Тогда, Да! Мудрец!» (Ольга Горбатенко)
«А какие он можеть дать советы? Или он засланный казачок, изучил все движения коррупции (сам по коррупции занял место?!?). Теперь будет давать советы, как не спалиться, с учетов новых технологии (Ермек Байер)
«Что он может посоветовать, даже не имеет опыта работы. Парадокс» (Нуржан Нуржан)
«Нверняка сынок одного из чиновников, не удивлюсь что скоро по окончанию школы сразу в начальники, у нас все может быть» (Зоя Тлеубеева)
«Поэтому у нас коррупция процветает. Кстати, чей он сын?» (Серик Калдыбеков)
Бұларға енді біздің қосып-аларымыз жоқ.



