АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Өскеменде 16 бала туған әйел «құрметті азамат» атанды

ӨСКЕМЕН. 7 наурыз. Шығыс Қазақстан облысының орталығында 16 бала туып, өсіріп отырған батыр ана Наталья Красильниковаға «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Бұл туралы «Устинка LIVE» хабарлады.

Қала әкімі Жақсылық Омар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 16 баланы өсіріп отырған келіншекке «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағын бергізген. Ол мұны Instagram-дағы парақшасында жазған.

«Мереке қарсаңында 16 баланың анасы Наталья Красильниковаға «Өскемен қаласының құрметті азаматы» атағы берілді. Бүкіл өмірін балаларының болашағына, отбасының іргесі берік болуына және қоғамның адал, тәртіпті, еңбексүйгіш мүшелерін тәрбиелеуге арнаған адам ең жоғары құрметке лайық», – деп атап көрсетті қала әкімі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button