Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Шымкенттік алаяқ қарағандылықтарды сазға отырғызды

ҚАРАҒАНДЫ. 7 наурыз. Шымкенттік алаяқ әйел қарағандылықтардың аттарына кредит толтырып, соңынан соны өзі алып қойып отырған. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментіне сілтеме жасаған inKaragandy.kz сайты хабарлады.

Алаяқ әйел мұның бәрін әлеуметтік желі мен сайттардағы хабарландырулар арқылы жасап отырған.

Департаменттің территориялық бөлімшелері осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігі бойынша бірден төрт қылмыстық іс қозғады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінде хабарланғанындай, әйел интернеттен саудагерлердің әртүрлі өнімдерін ауып алып, олармен хат жазысып тұрған. Оның барысында белгілі бір тауарды сатып алғысы келетінін айтып, солардың ақшасын салуы үшін өзіне жеке бастарын куәландыратын құжаттардың суреттерін, сондай-ақ банк карталарының нөмірлерін жіберуді өтінетін болған.

«Осыдан кейін қаржы ұйымдарының бірінде онлайн-кредит құжаттарын толтырған. Кредит ұйымы ақша қаражаттарын мақұлданғаннан кейін зардап шегушілердің карталарына ақша түсіп тұрған. Күдікті өз кезегінде зардап шегушілерге өзінің ақша аударып жібергені жайлы хабар берген. Мұны ол өзі қолдан жасаған «Қазпошта» АҚ-ның жалған түбіртектерімен негіздеп беріп отырған. Ал бірқатар уақыт өткеннен кейін әртүрлі сылтаулармен (отбасы мүшелерінің қазасы, қатты науқасқа шалдығу, кезек күттірмейтін медициналық ота және т.б.) зардап шегушілермен бұрын жасасқан келісімшартынан бас тартатынын айтып, ақшасын қайтарып беруді талап еткен», – деді облыстық полиция департаментінің басапсөз қызметіндегілер.

Қазір Шымкентте тұратын алаяқ әйел ұсталды. Полицейлердің мәліметі бойынша, ол жоғарыдағы әрекеттерін 2019 жылдың қазан-желтоқсан айларында жасаған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button