ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қытай қызы жекпе-жекте полякты өлтіріп қоя жаздады

ВАРШАВА. 6 наурыз. Қытай қызы Ян Сяонань UFC-тегі жекпе-жекте қарсыласы поляк қызы Каролина Ковалькевичті өлтіріп тастай ждаздады. Бұл туралы The Sun хабарлады.

 

«Қыздардың төбелесі де қатты қарқын алып бара жатыр. Польшалық UFC шебері Каролина Ковалькевич қытайлық Ян Сяонаньнан ауыр жарақат алды», деп жазды газет.

Поляк қызының ауыр жарақат алғаны сондай, ол енді спортшылық жолын жалғастыра алмайтын болып қалды.

Поляктың 34 жастағы қызын енді аса күрделі операция күтіп тұр. Ол көзге жасалады. Одан кейін кәсіпқойлық спортпен шұғылдануына болмайды.

Ковалькевич UFC-де осымен қатарынан төртінші рет жеңіліп отыр.

***

Суреттерде: 1.Оң жақта қытай қызы соққы жасап жатыр; 2.Каролина Ковалькевич шайқастан кейін; 3.Каролина алдында инстаграмға осындай сурет салған екен.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button