Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Қызылордада 14 жастағы қыз бір күннен бері табылмай жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 27 наурыз. Қызылорда қаласында кеше жоғалып кеткен 14 жастағы қыз бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы syrboyi.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

14 жасар мектеп оқушысының кеше үйден шығып кеткелі бері табылмай жатқаны айтылады.

«Осыған байланысты Қызылорда қаласының полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,70 см орта денелі, көзі қара түсті, шашы қоңыр түсті. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8 (7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген Қызылорда қалалық полиция басқармасының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 28 жастағы азаматтың табылмай жатқанын хабарланған еді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button