Сауалдама АҚШ президенті сайлауында Байденнің алда болатынын көрсетті
УАШИНГТОН. 27 наурыз. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден өзінің басты бәсекелесі – Дональд Трамптан алда келе жатыр. Бұл туралы Bloomberg ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Байденнің Трамптан айтарлықтай алда келе жатқанын әзірге аумалы-төкпелі көңіл күйде тұрған жеті түйінді штаттың алтауындағы сауалдама нәтижесі көрсетті.
Байденнің сайлау алды штабы Трамптың позициясы Нью-Йорк сотындағы тыңдаудан кейін «қатты әлсіреп кеткенін және оның өлермендікке салынып отырғанын» атап өтті.
Мәтбұғаттың жазуынша, Байден қазір Висконсте өткен айдағы артта қалушылығынан асып түсіп, Трамптан 1 пайыз алға шығып кеткен. Өткен айда Пенсильванияда да төмен болып еді, бұл жолы қарсыласына қуып жетіпті. Қараша айында Трамп Аризона, Джорджия, Невада және Солтүстік Каролинада алда болған, ал қазір соның бәрінен айрылып қалыпты.
Сауалдама Байденнің сөзі сайлаушыларға айтарлықтай жақсы әсер еткенін көрсетіп отыр.