Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Украина құрамасы тарихи жеңіске жетіп, қатарынан 4-ші рет Еуроға жолдама алды

ВРОЦЛАВ. 27 наурыз. Футболдан Украина құрамасы поляктың Вроцлав қаласында Исландия командасын Ұлттар лигасының финалында 2:1 етіп ұтып, Еуропа чемпионатына шықты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украиндар осымен қатарынан төртінші мәрте құрлық біріншілігінің финалдық турнирінде ойнау құқығына ие болып отыр.

Чемпионат биылғы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында ойналады.

Поляк жерінде Сергей Ребровтың шәкірттері Исландия құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Команда мұнда өзінің ерік-жігерінің өте жоғары екенін танытып, кэмбек жасады.

Матчтың бірінші таймының 30-минутында исланд Альберт Гудмундссон қарсы келген Руслан Малиновский мен Володимир Бражконы алдап өтіп, қақпаны дәл көздей білді. Ал украиндар өздеріне жеңіс мәртебесін сыйлаған екі допты та екінші таймда салды. Бұған дейін алдымен 39-минутта Роман Яремчук есепті теңестірген еді. Алайда VAR жүйесі  оның офсайд жағдайында соғылғанын көрсетті. Сөйтіп, гол есепке алынбады.

Ал екінші таймның 54-минутында Виктор Цыганков таразы басын теңестірді. 74-минутта Виталий Миколенко қарсыластар қақпашысынан айласын асыра алмады. Ойынның нүктесін 84-минутта Михайло Мудрик қойды.

Сол күні Еуро-2024-тегі топтық іріктеу турнирінде Украинаның қарсыластары Румыния, Словакия және Бельгия командалары болғаны да анықталды.

Украина 2020 жылы өткен чемпионатта ширек финалға дейін жетіп, өзінің көрсеткішін жаңалаған еді.

Украина президенті Володимир Зеленьский өз елінің футболшыларына алғысын білдіріп, бүкіл халықты команданың осы жеңісімен және оның Еуро-2024-ке жолдама алуымен құттықтады. Олар елде соғыс жүріп жатқанынан қарамастан, үлкен ерліктің үлгісін көрсетіп, алға қойған мақсаттарын зор абыроймен орындап шықты.

Бүгін, 27 наурыз күні Исландия президенті Гвудни Йоуханнессон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Украинаны шынайы ұтысымен арнайы құттықтады. Ол: «Бұл – жақсы матч және Украина құрамасының лайықты жеңісі» деп жазды. Ол командаға сондай-ақ чемпионаттың финалдық кезеңінде сәттілік серік болуына тілектестік білдірді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button