Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Мәскеуде – теракт! «Крокус Сити Холл» концерт залында атыс болды

МӘСКЕУ. 22 наурыз. Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» залында белгісіз біреулердің жаппай атысы басталып кетті. Бұл туралы Baza ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«22 наурыз күні кешке Мәскеудің «Крокус Сити Холл» концерт залында «Пикник» тобының концерті алдында автоматтан жаппай оқ жаудырылды. Содан соң жарылыс орын алды», – делінген паблик хабарламасында.

Baza осы ретте белгісіз бір ер кісінің автомат қаруымен залға қарай оқ сепкенін баяндады.

«Жүздеген адам терроршылардан қашып, «Крокус» көпірлері үстімен жүгіріп жүр», – жазды телеграм-арна.

«Біз бель-қабатта отыр едік, кенет атыс даусын естідік, сосын жүгіріп төменге түскенде, атыстың сол жақта болып жатқанын ұқтық. <..> Барлық жақтан, жалпы, барлық тұстан оқ атылып жатты. Біз жерге жата қалдық, соңыра біреулердің эскалатор бойымен төмен қарай жүгіріп келе жатқандарын байқадық. Біз солардың арттарына жүгірдік. Ал анда бір қыз өліп жатыр екен», – деп жазды «Осторожно, новости» таблоиды бір куәгердің сөзінен дәйектеме көшіріп.

Ал «РИА Новости» оқты камуфляж киген үш адамның жаудырғанын хабарлады. Дәл қазіргі мәурітте кем дегенде 12 адамның оққа ұшқаны, тағы кемі 35 адамның жарақат алып қалғаны белгілі болып отыр. Кейінірек осы атыста қаза тапқандар санының 40 екені, жарақат алғандардың 120-ға жуықтайтыны айтылды.

«Мәскеу СОБР-ы мен ОМОН-ы дабыл бойынша тұрғызылып, концерт залына жеткізілді», – деп жазды «Коммерсантъ» газеті. Куәгерлер сондай-ақ концерт залының шатыры құлап түскенін де айтып жатыр.

Еске сала кетейік, осыдан бірқатар уақыт бұрын шетел ресурстары барлау қызметінің мәліметтеріне сүйеніп, наурыздың 7-8-і күндері 48 сағаттың ішінде Мәскеуде өтетін бір концерттің барысында теракт жасалғалы жатқанын жазып еді. Сол оқиға енді орын алып жатқан сияқты.

 

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button