Mitsubishi желісіндегі ең үздік дилерлердің бірі – «Сильвер» Қазақстанға келді
Сенбі күні Алматыда «Сильвер» ресми автокөлік дилерлер тобындағы Mitsubishi Motors дилерлік орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Дилерлік орталықтың қасбеті мен іші Mitsubishi-дің жаңартылған жаһандық дизайнына сәйкес, қызыл, қара және ақ түстері басым элементтермен безендірілген. Жаңа автосалон шамамен 1700 шаршы метрді алып жатқандықтан, орталықта автокөліктер мен басқа да барлық қызмет түрлерін көрсете алатын орындар мен техникалық мамандар жеткілікті. Оған қоса, автокөліктерді көрсетуге арналған шоурум бар. Қажетті қаржылық және сақтандыру өнімдері, соның ішінде дилерлік орталық мамандарынан кәсіби кеңес алуға болатын trade-in қызметі қарастырылған. Сату бөлімінің жоғары білікті менеджерлерінің клиентке барлық модельдер түрлерінің тұсаукесерін өткізіп, Mitsubishi маркалы автокөліктерде тест-драйв ұйымдастыруға дайын.
Сонымен салтанатты оқиғаға орай өткен баспасөз мәслихатына «ММС Каз» ЖШҚ президенті, бас атқарушы директоры Иваба Осаму мен «Сильвер» компаниясының бас директоры Николай Войтин қатысты.
«ММС Каз» президенті әрі бас атқарушы директоры Иваба Осаму: «Сильвер – Mitsubishi желісінің үздік дилерлерінің бірі. Біз ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз және әріптестеріміздің Алматыда алғашқы дилерлік орталығын ашып, халықаралық деңгейге шыққанына бек қуаныштымыз», деді.
«ММС Каз» ЖШС бас директоры Ивама Осаму атап өткендей, жапон өндірушісі өз өнімдерінің Қазақстанда танымалдылығы артып келе жатқаны мен беделін жоғары бағалайды.
Қазіргі таңда Mitsubishi Motors концерні брендті автокөліктері заманауи жүргізушілердің негізгі талаптары мен сұраныстарының үдесінен шыға отырып, сенімді, ыңғайлы, үнемді де жоғары технологиялық болуы үшін бар күшін салып келеді.
«Сильвер» ресми автокөлік дилерлерінің арасында 20 жыл бойы табысты топ ретінде таныла отырып, кәсіби қадамдарымен, жеке және корпоративтік клиенттер үшін сенімді серіктес екендігімен ерекшеленді. Біз барынша жайлы, ыңғайлы қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге және клиенттеріміздің мүдделестігін арттыруға бар күшімізді саламыз. Жаңа дилерлік орталық біздің өңірдегі брендтің жаңартылған имиджінің үлгісі болады», – деді «Сильвердің» бас директоры Николай Войтин.