Алматыдағы жер сілкінісі: Тоқаев ТЖМ басшысына тапсырма берді
АСТАНА. 4 наурыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке Алматыдағы желкінісіне байланысты тапсырмалар берді. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның жайын Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндаған.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр. Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды», – делінген хабарламада.