Бүгін түн ортасында Қазақстан сағаты бірыңғай уақыт белдеуіне көшіріледі
АСТАНА. 29 ақпан. Бүгін түн ортасы ауа Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жергілікті сағат тілі бір сағатқа кері жылжытылады. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Қазақстан Үкіметінің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-де бүкіл ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) белгіленді.
Осыған орай Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні сағат 00: 00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады.
Бұл бастаманы уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар көтерді. Бұған дейін олар әлемнің 175 елінде Бірыңғай уақыт белдеуі жұмыс істейтін халықаралық тәжірибені зерттеді. Қазір бір ғана уақыт белдеуін 22 мемлекет пайдаланып келеді