Антикор арнайы экспорт республикалық кәсіпорнының басшысын қамауға алды
АСТАНА. 29 ақпан. «Казарнайыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов қызметін асыра пайдаланды деген айыппен ұсталды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Өткен жылдың соңынан бері бұл мекеме тексеруші органдардың жіті бақылауында, қырағы назарында тұр.
«Қаржы мониторингі агенттігі 2024 жылғы 23 ақпанда «Қазарнайыэкспорт» РМК бас директоры Аршат Аяғановтың броньдалған әскери техниканы жеткізу жөніндегі мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын жеткізеді», – делінген қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің бейсенбі күнгі хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде орын алған сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс бойынша тінту жүріп жатқаны жайлы ақпарат интернеэкспорт» компаниясында тінту және қазу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған еді. Сол кезде «Қазарнайыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов екі айға қамауға алынған болатын.