26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Әлия Назарбаева бөгденің $170 млн тұратын активтерін тартып алған

29 Ақпан 2024 14:01
- Жаңалықтар, Құқық
Әлия Назарбаева бөгденің $170 млн тұратын активтерін тартып алған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 29 ақпан. Байырғы президенттің кенже қызы Әлия Назарбаева өзгенің 170 млн доллар тұратын рейдерлік жолмен өзіне қаратып алды деп айыпталып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстан халқына тонаушы-зорлықшылық тірліктерімен аты кеңінен мәлім болған сұрқия әулеттің өкілі Әлия Назарбаева рейдерлікпен шұғылданып, 2003 жылғы бағам бойынша бөтеннің $170 млн соманы құрайтын активтерін зорлықпен тартып алды деген айып тағылып, тиісті өтініш Бас прокуратураға жіберілді.

Сол өктемдіктің құрбаны болған бизнесшілердің бірі – Нұрлан Бимурзин кеше, сәрсенбі күннің кешінде Ұлттық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында болған жайды түгел жайып салды.

«Мен «ТПК Азия» ЖШС-нің тең құрылтайшысы болдым. Активтерге 7 мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекеті бекеті кірді. Әріптесім Медғат Қалиев екеуміз бұл үшін 20 жыл уақытымызды сарп еттік. Бірақ біз сол 20 жыл ішінде өзіміз үшін емес, отбасымыз бен туған-туыстарымыздың амандығы үшін алаңдаумен жүрдік. Бұған себеп те жоқ емес еді. Сол уақыттары Қазақстанда Назарбаевтар отбасырның, әсіресе, Әлия Назарбаеваның қандай әлеуетке ие болғанын бәріңіз де жақсы білесіз. Оның зардабына біз де ұшырадық. Сондықтан біз бүгін әділеттілік жеңіске жетуі керек деп санаймыз, әркім өз әрекеті үшін заң алдында жауап беруі керек. Осындай оймен 19 ақпанда Бас прокуратураға арыз түсірдік, ол иерархия бойынша активтерді қайтару комитетіне жіберілді. Біз жаңа Қазақстанға және заңның салтанат құратынына сенеміз», – деді ол.

Барлық байлықтарынан айды-күннің аманында ішпей-жемей айрылып қалған кәсіпкердің айтуынша, олардың активтерін рейдерлік жолмен тартып алу 2003 жылы орын алған. Сол жолы Әлия Назарбаева Нұрлан Бимурзиннің өзімен, әкесімен және серіктесі Медғат Қалиевпен кездесуі кезінде қоқан-лоққы жасап, адамшершілікке жатпайтын дөрекілік көрсеткен.

Президент үйінің бір мүшесі бұл тірлік үшін алдымен 2002 жылы бұларға қаржы полицейлерін айдап салып, май құю станцияларының кассалық аппараттары мен барлық ыдыстарын тексерткен. Соңынан Әлияның өкілі келіп, оның мына тексерістен алып шыға алатынын, сол үшін 50 пайыздық үлестік қатысым сұрайтынын жеткізген.

«Бірақ бір жылдан кейін Әлия Назарбаева бізге: «Маған сендердің қалдық үлестерің керек емес» деп тепсінді. Бұл әңгіме 2003 жылдың қазан айында айтылды. Біз ештеңеге түсіне алмай қалдық. Қорытындыда оның шабармандары 2003 жылдың 10 қарашасы күні менің әкемді Әлияның Комсомол – Панфилов көшелерінің қиылысындағы кеңсесіне алып кетті. Ол әкеме мәселені бірден қабырғадан қойып, біздің барлық автивімізді өзі алғысы келетінін айтыпты. Соны айтып болып, сенің екі ұлың бар екен, олардың амандығына жаның аши ма, жоқ па деген мазмұнда әңгіме айтыпты. Мұны естіген әкем салған жерден: «Отбасыма тиіспе, мен қол қойып беремін» деп жауап береді. Екеуінің әңгімелері өте қатқыл болыпты. Әлия соңынан: «Мен өзімнің барлық әкімшілік ресурсымды сенің отбасыңа жұмсаймын» депті», – деді бұдан әрі Бимурзин.

Келесі күні Нұрлан әкесінің тапсыруы бойынша екіқабат әйелін ертіп, нотариуске барып, тиісті құжаттарға қол қойып қайтады.

«Онда Әлия Назарбаева болған жоқ. Оның орнына Рогова (Валентина Рогова – Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың әйелі – ҚазТАГ) келді. Мен өзімнің компаниядағы үлесімді беретінімді білдіріп, қол қойдым, сол үшін маған олар 18 125 теңге төлем төледі. Мен құжаттарға қол қойып болғаннан кейін ол (Әлия Назарбаева – ҚазТАГ) 100 %-дық қатысушы болып шыға келді. Қол қойылған қағаз, келіссөз – бәрі бар. Біз сонымен кетіп қалдық», – деді кәсіпкер.

Бимурзин аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрайды.

Таңбалар: Әлия НазарбаеваНұрлан Бимурзинрейдерліксот

Ұқсас мақалалар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды
Жаңалықтар

Шымкентте екі колледжден 1,3 млрд теңге жымқырған 5 адам сотталды

03.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist