Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Тоқаев елордада әйелдер күніне жиын өткізбейтінін жазды

АСТАНА. 2 наурыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылдағанын айтты. Бұл туралы «Азаттық» хабарлады.

Мемлекет басшысы мұндай шешім қабылдағанын өзінің twitter парақшасында жазған.

«Бұл – әлемде коронавирус таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін»,- деп атап көрсетті ол.

Жазуынша, Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өткізбеу жөнінде шешім қабылдаған.

Коронавирус таралуына байланысты Қазақстан соңғы күндері бірнеше мемлекетпен әуе қатынасын тоқтатып, кейбірін шектеген. Қазақстан үкіметі бүгін «шетелдіктер қатысатын ірі халықаралық шараларды кейінге қалдыру, коронавирус тараған елдерден келетін туристерге виза бермеу, жұмыс күшін тартуды тоқтату» сөз еткен.

Әлемде қазірге дейін коронавирус жұқтырғандар 89 мың адамнан асты. 2019 жылдың желтоқсанында COVID-19 коронавирус инфекциясы басталғалы 3046 адам өліп, 45 113 адам жазылып шыққан.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button