Қырғыздар тағы көтеріліп жатыр (видео)

БІШКЕК. 2 наурыз. Бүгін Қырғызстан астанасында бұрынғы депутат Садыр Жапаровты қолдаған жұрт шеруге шықты. Бұл туралы АКИpress хабарлады.
Митинг сәске щамасында басталды. Қала билігі ол сағат 17:00-де аяқталуы тиіс деп мәлімдеді. Бірақ акцияға қатысушылар бұдан кейін де тарап кетуден бас тартты.
24kg порталының хабарлауынша, Садыр Жапаровты қолдаған митинг милиция кордонын бұзып өтіп, Ақ үйдің территориясына баса-көктеп кірген.
Жапаровтың жақтастары билікке саясаткерді босатуға жарты сағат уақыт берді, содан кейін сағат 18:00-ге қарай наразылық білдірушілердің бір бөлігі Ақ үйге қарай беттеген. Олар ғимараттың ешкім шықпайтындай етіп есігін тарс бекітіп тастады.
Митингіге қатысушылар полицияға тас лақтырды. Мұның соңы жаппай тәртіпсіздікке алып барды. Сол кезде 18:20 сағатта милиция жұртты қуып таратуға кірісті.
«Азаттықтың» қырғыз қызметі Бішкектегі милиция қызметі күшейтілген режимге көшкенін хабарлады. Таңертең наразылық білдірушілер алаңға шыққан, милиция демонстранттарды тарату үшін ешқандай әрекет жасамаған, жағдай тек кешке ушыққан.
Sputnik Қырғызстан милицияның наразылық білдірушілерді тарата бастағанын, қауіпсіздік күштері су мен дыбыс шығаратын граната қолданғанын жазды.
Ақырында жиналғандар тым-тырақай қашып кеткен.
Тәртіпсіздіктер салдарынан полиция қызметкері жарақат алды. Ішкі істер министрлігі медициналық бөлімінің бастығы Нұрдин Медеровтің айтуынша, полиция қызметкеріне тас тиген. Оның айтуынша, әзірге қанша полиция қызметкерінің зардап шеккені туралы нақты мәліметтер жоқ. Екі «Жедел жәрдем» бригадасы кезекшілікте болды, бірақ ешкім дәрігерлерден көмек сұраған жоқ.
Қазір «Ала-Тоо» алаңында наразылық білдірушілер қалған жоқ. Қазір алаңда наразылық білдірушілер қалмаған. «Азаттық» радиосының хабарлауынша, Садыр Жапаровтың ағасы наразылық білдірушілерден тарауын сұраған.
«Рейдтік іс-шаралар түні бойы жалғасады», – деді Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Орозалиев.
Соңғы келіп түскен мәліметтерге сәйкес, полиция экс-депутат Садыр Жапаровты қолдауға арналған митингті таратып, қауіптің алдын алған.
Еске сала кетейік, 2017 жылы парламенттің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровты Қырғызстан соты 2013 жылы «Құмтор» алтын кен орнын ұлттандырғаны және «барымтаға алғаны үшін» Қаракөл қаласында өткен митингті қаржыландырды деген айыппен 11 жарым жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сотта Жапаров бұл айыптауды саяси астары бар деп қабылдамай тастады. Өткен жылдың сәуірінде Қырғызстан Жоғарғы соты Жапаровқа үкімді 10 жылға бас бостандығынан айыруды кесіп, жаза мерзімін қысқартты. Қараша айында саясаткер мемлекет басшысына рақымшылық жасау туралы өтініш берді.



