Сырский Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.
КИЕВ. 9 ақпан. Украина президенті Володимир Зеленьский кеше генерал-полковник Александр Сырскийді Қарулы күштердің бас қолбасшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Interfax.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлайды.
Мұны Зеленьский бейсенбі күні кешке жариялаған видеоүндеуінде мәлімдеді.
Украина президенті бұл үшін алдымен Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Зеленьскийді доғарысқа жіберді. Оның кететіні жайлы қауесет өткен жылдың жазынан бері айтылып келе жатыр еді. Бұған Запорожье облысы мен Донецк облысының оңтүстігінде жазғы қарсы шабуылдың сәтсіз өткізілгені негізгі себеп болды.
Украина президенті бұған дейін мәселе бір адамды ауыстыра салуда емес, әскери басқару құрылымын түбегейлі өзгерту керек екенін айтқан.
Сырский жаңа тағайындауға дейін Украина жаяу әскерлерінің қолбасшысы болып қызмет атқарған.
Украина БАҚ-тары сондай-ақ Зеленьскийдің Украина Қарулы күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Валерий Залужныйға бұдан әрі де командада болуды ұсынғанын жазады. Олардың баяндауларынша, Зеленьскиймен кездескен кезінде Залужныйдың шешімнің мақсаттар мен стратегияның өзгеруіне байланысты шешім қабылдау керек екенін айтқан.
Александр Сырский 1965 жылы 26 шілдеде Ресейдің Владимир облысындағы Киржа ауданының Новинки елді мекенінде туған. 1982 жылы Мәскеу жалпы командалық әскери училищесіне түскен. Ол 1986 жылы Украинада қызмет етуге жіберілген.