Кремль Балтық елдеріне гибридтік арандатушылық дайындауда – ISW
МӘСКЕУ. 9 ақпан. Кремль «сырттағы отандастарды қорғау» деген желеумен Балтық елдеріне қарсы гибридтік соғыс ашқалы жатыр. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Американың Соғысты зерттеу институтының (ISW) аналитиктері осындай тұжырымға тоқталып отыр.
«Кремль Балтық елдері мен Грузияға қарсы гибридтік арандатушылықты мүмкін етудің ақпараттық шарттарын жасауды жалғастырып жатыр», – делінген хабарламада.
Мұндай шабуылдың соңғы кездері Қазақстан мен Өзбекстанға да жасалып жатқаны белгілі.
Жақында, ақпанның 6-сы күні Ресей сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы наурызда Ресей президенті сайлауында дауыс беретін РФ азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Балтық елдерінің елшілерін «кілем үстіне» шақырды.
Институт сарапшылары Кремльдің Балтық елдеріне мен Сакартвелоға (Грузияның шын аты – ред.) қарсы жаңа гибридтік операциясының жайын талдап шықты.
РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың сөзіне қарағанда, Балтық елдерінде сайлау кезінде орын алған кез келген іркіліс сол дәулеттерде тұрып жатқан ресейліктер арасында «қуатты наразылық» туғызуы мүмкін.
РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров дәл осындай мәлімдемені 5 ақпан күні-ақ жасап қойған. Ол Балтық елдерін сонда тұрып жатқан ресейліктерге қатысты русофобиясы үшін айыптады. ISW аналитиктері Мәскеудің «сырттағы отандастарды қорғау» деген желеумен ресейліктер тұратын елдерге осылай тиісіп қоятынын баяндады. Енді ол Ресей сайлауын да осы мақсатқа пайдаланып қалмақшы.
Ресей бұрынғы кеңестік кеңістіктен шыққан елдерге өз ықпалын жасап отырудың барлық амалдарын істеп бағуда. Осының қарсаңында Сакартвело президенті Саломе Зурабишвили Кремльдің өз еліне қарсы гибридтік соғысты бастап кеткенін мәлімлеген еді. Бұл үшін ол РФ-ның өзі басып алған Абхазия жеріндегі Очамчира портын пайдаланып отырғанын айтты.