Байден АҚШ Конгресіне Украина туымен келіп, шұғыл түрде үндеу арнады
УАШИНГТОН. 7 ақпан. Кеше, 6 ақпан күні АҚШ президенті Джозеф Байден Конгреске шұғыл үндеу жариялап, сөз сөйледі. Бұл туралы ВВС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұның алдында Ақ үйдің егесі Конгреске ұлттық қауіпсіздік саласындағы төтенше жағдайды шұғыл қосымша ассигнациялау туралы заңды шұғыл қабылдауға шақырған үндеу арнаған болатын. АҚШ президенті мұнда ресейлік оккупанттармен жанқиярлық шайқас өткізіп жатқан Украинаны қаржыландыру туралы шешімнің аса қажет екенін саясаткерлердің естеріне салып өткен еді.
«Егер осы заңның жобасын қолдамайтын болсаңыздар, бұл сіздердің Путинді қолдағандарыңыз болып шығады. Осы заңның жобасы Сенат залына қалайда келетін етуіміз керек», – деді Америка лидері.
Ол Дональд Трампты қолдаушы республикашыларды шекарадағы проблеманы өздерінің саяси қаруларына айналдырып алып, Киевке көмек көрсетуге қасақана кедергі келтіріп отыр деп есептейді. Байденнің айтуынша, Украина Қарулы күштерінің артиллериясы саны ай сайын біртіндеп азайып келеді, осылайша РФ шабуылынан қорғанудың мүмкіндігі аазйып жатыр.
«Республикашылардың бұлай бұқпантайлай бермей, ерлерше дауыс шығарып, өздерінің кімге жұмыс жасап отырғандарын ашып айтатын уақыттары келді», – деді Байден.
«Мен Конгресті осы заң жобасын қабылдап, тездетіп менің үстеліме қоюға шақырамын. Егер заң жобасы құлай қалса, мен барынша айқын түсіндірейін: Америка халқының мұның неге құлағанын білетін болады», – деді АҚШ президенті.