Қазақстан гимнін мазақ қылушы кешірім сұрады
АСТАНА. 29 ақпан. Қазақстан гимнін өзгертіп пайдаланып, мазаққа айналдырғаны үшін ел тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы Neonomad.kz хабарлады.
Әлеуметтік желіде кешелі бері жас жігіттің қазақстандықтардан кешірім сұрап тұрған видеосы пайда болды.
Роликте жігіт «осы түсірілген видео үшін өзін қазақтардың соққыға жыққанын» айтады. Оның айтуынша, елдің намысын таптау туралы ойы болмапты.
«Қазақстанның барлық халықтарынан кешірім сұраймын, мен бұл видеоны өз елімді қорлау үшін емес, керісінше ол трендте болуы үшін түсірдім, бірақ сол үшін өзім таяқ жедім», – деді жас жігіт.
Еске сала кетейік, TikTok әлеуметтік желісінде бұдан алдын бір жас жігіттің Қазақстан Республикасының гимні образын өзгертіп түсірген видеосы тарап кеткен болатын.
Сол кезде желіні пайдаланушылар оның мұндай патриоттығын оншалықты қолдай қойған жоқ.