ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Озил күллі әлемнен 1000 баланы емдетіп шығарады

ЛОНДОН. 29 ақпан. Ағылшынның «Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Месут Озил күллі әлемнен 1000 баланың ота жолымен емделіп шығуына жәрдем береді. Бұл туралы Sports.ru хабарлады.

Футболшы ай сайын әр елден келетін балаларды осылай емдетіп тұрмақшы. Ол жұбайы Әминамен және түріктің «Big Shoe» қайырымдылық ұйымымен бірге тұрмыстары төмен 1000 отбасы балаларының операциясын көтеретін болып шешті.

Бәрі 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатынан басталды. Сол жолы Озил өзі сапында ойнайтын Германия құрамасының турнирдегі жеңісі үшін өзіне тиесілі болған қаламақысы – 240 мың фунт қаржыны түгел бразилиялық балаларға жұмсады. Чемпионат басталар шақта ол: «Әлем Кубогы алдында мен 11 ауру баланың операциясының шығынын көтердім. Біріншілікте 11 ойыншымен бірге жететін жеңісімнен кейін енді 23 баланы солай емдетемін. Бұл менің Бразилияның қонақжай халқына көрсеткен құрметім болады», – деді журналистер сұрақтарына жауап беріп тұрып.

Өткен жылы жазда Озил үйленді, сол тойы үстінде ол енді 1000 баланың операциясын қаржыландыруға уәде берді. Ал тойға түскен ақшалай сыйлықтарды 100 мың үйсіз бен Сириядағы босқан балаларға 16 лагерьге жолдама алып беруге жаратты.

Өткен жылдың соңында ұлты түрік, діні мұсылман Германия азаматы Месут Озил ұйғырларды қуғынға салып жатқан Қытай басшылығын қатты сынға алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button