Дрондар соғыс басталғалы бірінші рет Ленинград облысына шабуыл жасады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. 18 ақпан. Украинаның ұшқышсыз ұшақтары РФ оккупациялық армиясы соғыс бастағалы бері бірінші мәрте Нева бойын атқылау астына алды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қаңтардың 18-не қараған түні Ресей әуе шабуылына қарсы күштері ұшақ тектес дрондардың Ленинград облысының аспанында ұшып жүргенін тап басып таныды. «Беспилотниктер Ресей территориясындағы нысандарға террорлық шабуыл жасауға әрекет жасады», – деп мәлімдеді РФ қорғаныс министрлігі. Ведомство бұдан артық ләм-мим деген жоқ.
Shot телеграм-арнасының мәліметінше, дрон 3 келілік жарылғышты алып ұшып, Санкт-Петербургтің мұнай терминалына шабуылдамақшы болған. Кейін оның қаңқалары «Петербург мұнай құюшы терминалы» АҚ территориясынан және Фин бұғазынан табылған. Порт инфрақұрылымы ешқандай залал алған жоқ, зардап шеккен де ешкім болмапты.
Baza телеграм-арнасы беспилотниктер үшеу болуы мүмкін деген болжам айтады. Олардың екеуі радиоэлектронды күрес күштерінің атып түсіруінен Фин бұғазына құлаған, тағы біреуі мұнай құюшы терминал ауласына жетіп жғылған.
18 қаңтарға қараған түні сондай-ақ РФ әуе шабуылына қарсы әскерлері Мәскеу облысындағы Подольск қалалық округінде ұшқышсыз ұшақтар шабуылдарын қайтарған. Мәскеу мэрі Сергей Собянин дронлардың Кремльді қаланы бетке алып ұшқанын айтады. Бұдан бөлек, Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Украина Қарулы күштерінің сол күні түнде облыстың Белгород ауданын 10 ракетамен атқылағанын баяндады.