Қырғызстанда 11 журналист тәртіпсіздік бастады деген айыппен қамалды
БІШКЕК. 18 қаңтар. Қыоғызстанда 11 журналист жұртты жаппай тәртіпсіздік жасауға шақырды деген уәжіппен екі айға құлып астына алынды. Бұл туралы Manas.news ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қаңтардың 17-сі күні Қырғызстанда қамауға алынғаннан кейін 11 журналист Бішкектегі Бірінші мамыр аудандық соты оларды екі айға дейін оқшаулағышта ұстау жөнінде шара қолданды. Олар 13 наурызға дейін ұсталады.
Тәуелсіз медиада жұмыс істейтін олардың бәріне жұртты жаппай тәртіпсіздік жасауға, заңды биліктің талаптарына қасарыса қарсы тұруға шақырды деген күдік таңылып отыр.
11 журналист екі айға қамауға алынды. Олар 13 наурызға дейін тергеу абақтысында отырады.
Биліктің бұл әрекеті халықаралық құқық қорғау ұйымдарының назарынан тыс қалмады. Amnesty International компаниясының зерттеушісі Майзи Вейхердинг мұны еркін баспасөзге жасалған шабуыл деп бағалап, тәуелсіз журналистерді тез босатуды талап етті.
Тергеу судьясының мәліметтеріне сәйкес, «Temirov Live», «Айт Айт Десе», «Арча Медиа», «Алга Медиа» және «ПолитКлиника» мағбұғаттарының өкілдері қамауға алынған.
«Азаттық радиосы» биліктің қаһарына ұшыраған журналистерді аты-жөндері Махабат Тажибеккызы, Сапар Акынбеков, Азамат Ишенбеков, Айке Бейшекеева, Максат Тажибекуулы, Акыл Орозбеков, Тыныстан Асыпбек, Актілек Капаров, Сайпидин Султаналиев , Жоодар Бузумов және Жумабек Турдалиев екендерін де жариялап үлгерді.