Воронеж қаласы ұшқышсыз ұшақтардың күшті шабуылына ұшырады
ВОРОНЕЖ. 18 сәуір. Кешке кешқұрым Ресейдің Воронеж қаласы бірнеше ұшқышсыз ұшақ шабуылының астында қалды. Бұл туралы «Украина 365» телеграм-арнасы ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Осының салдарынан 17 сәуір күні түнге қарай қаланың бірнеше нысанында жарылыстар орын алды.
Қазір Z-тілшілер шаһарға жойқын жорық ұйымдастырған украинның камикадзе дрондары екенін жарыса жазып жатыр.
Қала тұрғындары жарылыс болып жатқанын әлеуметтік желіде сағат 21:30 шамасында хабарлай бастады. «Соққылап жатыр! Қатты… Өте қорқынышты», – деп жазуда Воронеж пабликтеріне ресейліктер.
Түсірілген кадрларға қарағанда, дрондар ұшып келген жерлерде бірден күшті өрт орын алған. Оның жалқын алауы қаланың төбесіне өрлеп көрініп тұр. Бірақ нақты қандай нысандардың соққы алғандары әзірге белгісіз.
Егер шабуылды шынымен Украина ұшқышсыз ұшақтары жасаған болса, онда нысанаға әскери нысандар немесе энергетикалық блоктар алынады.
Воронеж облысының губернаторы Александр Гусевтің сөзіне сенсек, Ресей әуе шабуылынан қорғану жүйелері (ПВО) дрондар жорығына жақсы тойтарыс беріп үлгеріпті-міс. Онда жалыны аспанға шапшып, лаулап жанып жатқан қандай ғимараттар? Олар әлде Гусевтің өзінің мал қорасы мен тауық фермасы ма екен? Осы жағы түсініксіз. Ал Ресейдің ұлттық қауіпсіздік қызметімен байланысы бар «ВЧК-ОГПУ» telegram-арнасының жазуынша, соққылар әлдеқандай бір ангарларға, яки қоймаларға тура келіп тиген.
Айта кету керек, Воронеж украин шекарасынан шамамен 200 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалада Украинаға жасалып жатқан фашистік-басқыншылық соғысқа тікелей қатысы бар әскери аэродром орналасқан.
Мұның алдында бір күн бұрын, яғни 17 сәуірге қараған түні Қырымдағы Джанкой әскери аэродромында бірнеше рет жарылыс болған еді.