Шабдарбаев Нұрсұлтан мен Сараның арасы неге суып кеткенін әңгімеледі
АСТАНА. 15 қаңтар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бастығы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев бұрынғы президент пен әйелінің арасы неге бірден суып кеткенін айтты. Бұл туралы Massaget.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев байырғы президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жұбайы Сара Назарбаеваның арасындағы қарым-қатынас төңірегінде біраз ой тарқатып, кейінгі біраз жылдар бұрын олардың бір-бірлеріне суып, өте жат адамдар болып кеткендерін сөз етті.
Бұрынғы чекист YouTube арнасына берген сұхбатында бұған Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргіштігі, оның жанында басқа әйелдердің пайда болғаны себепкерлік еткенін айтты.
Ол сондай-ақ Сара Қунақаевадан бөлек, Дінмұхамед Қонаевтың әйелі Зухра Шәріпқызы жайындада өз пікірін ортаға салды.
«Сара Алпысқызы тік айтатын. Басқа әйелдері пайда болған кезде екеуінің арасы қатты суып кетті. Сара Алпысқызы – қарапайым адам. Димаш Ахметұлының әйелі өте білімді болған. Ол Құдайға сенетін, кішкентай Құраны болатын. Даусын көтеріп сөйлегенін байқамадым, еркелейтін. Димаш Ахметұлы оны еркелететін, екеуінің арасында бала болмады ғой. Ал Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси шешімдеріне араласпайтын. Назарбаев онымен санаспайтын. Ол кісі тірі. Не құдалармен де, басқаларымен де араласпайды. Араласатын жақын таныстары да жоқ. Өзі сондай адам. Өзімен-өзі. Ұнамаса айтады. Сара Алпысқызы мені кейін жек көріп кетті. Мен Рахат Әлиевке тиістім ғой. Дариға екеуі мені Сара Алпысқызына қарсы қойды», – деді генерал.