НАТО Украинадағы соғыстың 2026 жылға дейін созылуына әзір болуға үндеді
БРЮССЕЛЬ. 14 қаңтар. Солтүстік альянс өзіне мүше елдерге Украинадағы соғыстың соңына дейін дайын болуға шақырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Мұны НАТО бас хатшысының орынбасары Мирча Джоанэ Digi24 эфирінде сөйлеген сөзінде айтты. Ол екі жақтың да бір-бірін шешуші жеңіспен ала алмайтындығын және оның басқалай жолы болмағандықтан, Ресей мен Украина арасындағы соғыстің әлі біраз созыла түсетінін мәлімдеді.
«Менің айтататыным – ұзаққа созылатын соғысқа дайындалуымыз керек. 2024 жылы оның ақыры көрінбейді, тіпті 2025 жылы да аяқталмайды <…>. Біз бірқатар территорияларды басып алудан, қайтарып алудан тұратын аздаған шабуылды, қарсы шабуылды созылмалы соғысқа тап болғалы тұрмыз», – деді ол.
Джоанэ НАТО-ның «өткен жылы көктемде басталған украин қарсы шабуылы алдында соншалықты көтеріңкі көңіл күйде болғанын және оптимистік көзқарас ұстанғанын» баяндады, алайда оның сенімді ақтамағанын, соған қарамастан, пессимизмге түсіп қажеті жоқ екенін, себебі, «Украинада бұл соғысқа шыдас беріп, табысқа жететін ресурстардың жеткілікті екенін» атап өтті.
«Қазір Киевке [жеңіліске] ұшырап қалады екенмін деп үрейленудің мүлде реті жоқ <…>. Ресей майдан даласында күніне 300 солдатынан, мыңдаған бронды техникаларынан айрылып қалып жатыр. Олардың жағдайлары тіпті де мәз емес», – деп жалпы ахуалға баға бері Джоанэ.
Ол сондай-ақ украиндардың оккупанттар соғыс басталғалы бері басып алған территорияның пайызын қайтарғанын еске салып өтті. «Қалғаны түк емес. Біз Ресейдің Румыния территориясына жақын келуіне ешбір жол бере алмаймыз. Бізге Украинаның шыдас бергені керек», – деді ұлты румын Джоанэ.
Осыған байланысты НАТО бас хатшысының орынбасары АҚШ Конгресінің Киевке жақын арада қаржылай көмек көрсету мәселесін оңынан шешіп беретініне сенім білдірді.