Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам

Президент жарлығымен Жетіген ауылы «Алатау қаласы» атанатын болды

АСТАНА. 9 қаңтар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының аумағындағы Жетіген ауылын «Алатау қаласы» деп атау жайлы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес 9 қаңтар күні шығарылған «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» деген қаулыда былай делінген:

«1. Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

  1. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын».

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бір айта кететін нәрсе, әлеуметтік желіні пайдаланушылардың басым көпшілігі жаңа қаланың атауын оның негізін қалап отырған «Жетіген» атымен қалдырғанның жөн болатынын жазып жатыр.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button