Белгород қаласы тағы атыстың астында қалды, үш адам зардап шекті
МӘСКЕУ. 9 қаңтар. Украина Қарулы күштерінің атқылауынан кейін Белгород облысында үш адам жарақаттанып қалды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, атыс салдарынан бір әйел мен екі еркек зардап шеккен. Оларға снарядтар жарықшақтары тиіп, ауруханаға жатқызылған. Екі көп қабатты үйдің терезелері ұшып түскен. Сондай-ақ үш автомобиль бүліншілікке ұшыраған.
Украина желтоқсанның соңынан бері Ресейдің жаппай атқылауларына нақты жауап қайтара бастады. Бұл тарапта РФ басқыншыларының Украина қалаларына келтіріп жатқан залалдары мен зардаптары ұшан-теңіз.
Украина Қарулы күштерінің 30 желтоқсандағы кассеталы оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасаған шабуылы нәтижесінде Белгородта 25 адам қаза тапты, 100-ден аса адам зардап шекті.
Ал 2 қаңтарда жасалған қайтарма шабуылда 1 адам ғана оққа ұшты.