Украинада РФ-ның «Новочеркасск» десант кемесінің жойылғаны айтылуда
КИЕВ. 26 желтоқсан. Украина Қарулы күштері Қырымдағы Феодосия портында Ресейдің «Новочеркасск» десант корабліне күйрете соққы берді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына құлақ түрген rast.kz хабарлайды.
Мұның жайын Украина Әуе күштерінің қолбасшысы Микола Олещук баян етті.
«Бұл жолы Ресей Қаратеңіз флотының флагманы – «Москва» крейсерінің соңын ала «Новочеркасскә десант корабліне кезек келеді», – деп жазды Олещук өзінің телеграм-арнасында. Ол соққының қалай берілгені жайында ештеңе айтпапты, бірақ Әуе күштерінің пилоттарына және «дәлдікпен жасалған» жұмысқа қатысы барлардың бәріне алғыс айтады.
Бұдан бұрын РФ қорғаныс министрлігі «Украина Қарулы күштерінің басқарулы авиациялық ракеталарды қолданумен жасаған шабуылдарын қайтару барысында «Новочеркасск» кемесінің зақымданғанын мойындаған болатын.
Феодосия ауданындағы жарылыс түнгі сағат 3 шамасында орын алған. Мұны РФ-ның Қырымдағы өкілі Сергей Аксенов растады. Кейін ол ракетамен берілген соққы салдарынан бір адамның қаза тауып, екі адамның жарақаттанып қалғанын баяндады.