26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Назарбаева – Сатаев» тандеміне 400 млн теңгені қолды етті деген күдік таңылды

26 Желтоқсан 2023 19:37
- Жаңалықтар, Руханият
«Назарбаева – Сатаев» тандеміне 400 млн теңгені қолды етті деген күдік таңылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. Кезінде «Қазақфильмнің» басшысы болған режиссер Ақан Сатаев пен экс-президенттің кенже қызы Әлия студияға фильм түсіруге бөлінген қаржының 400 млн теңгесін жымқырған деген күдікке ұшырап отыр. Бұл туралы DalaNews.kz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Әуелгіде Алматы прокуратурасының «Қазақфильмге» бюджеттен бөлінген 400 млн теңгенің қолды болғанын анықтағаны айтылған. Бірақ онда ұрланған қаражаттың қандай фильмді түсіруге бөлінгені ашып көрсетілмеген екен.

Дегенмен, DALA INSIDE телеграм-арнасы әңгіменің «Ұлы дала таңы» фильміне қатысты қозғалып жатқанын анықтай алды.

Телерграм-арна бұған дейін режиссер Ақан Сатаевтың:«Құны 4 миллиард теңгеден асатын (8,6 млн доллар) ауқымды жобаны аяқтадым», – деп жазғаын еске салады. Ол дәл сол тұста киностудия басшысы болатын.

Ал 2022 жылы экранға шыққан «Ұлы дала таңы» картинасының продюсері Әлия Назарбаева болғанын Kinopoisk порталы атап көрсеткен болатын.

Шынын айту керек, «Сатаев пен Назарбаева» тандемі «Ұлы дала таңынан» да бөлек бірнеше жобаларды бірігіп атқарған. Олар 2020 жылы Ақан Сатаев «Қазақфильмнің» президенті болып тағайындалғанға дейін-ақ тығыз жұмыс істесе бастаған екен. Айталық,

Әлия 2019 жылы Сатаев түсірген «Томирис» тарихи фильмінің бас продюсері және сценарий авторларының бірі болған. DALA INSIDE-тың мәліметінше, Назарбаеваға осы лентаның сценариі үшін 149 миллион теңге төленіпті.

«Қазақфильммен» жасалған келісімге сәйкес, ол (Назарбаева, ред.) автор ретінде телеарнадағы прокаттан түскен пайданың 60 пайзын, ел кинотеатрларында прокаттан түскен табыстың 70%-ын және республикадан тыс кинотеатрларда көрсетілген прокаттың 40 пайызын алуға құқылы болған.

«Томиристі» түсіру үшін мемлекет 3 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Назарбаева продюсерлік еткен «Томирис» фильмін сол тұстағы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Сатайфильм» компаниясымен бірлестікте «Қазақфильм» киностудиясы түсіреді.

Сатаев пен Назарбаеваның «Анаға апарар жол» кинодрамасы  мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Айта кету керек, жақында Антикор «Көшпенділер» фильміндегі бекініс сатып алу транзакциясының құнына қатысты деректің шетін шығарған. Оны бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты компания сатып алған болып шықты. Яғни, 2017 жылы жалған бекініс салынғаннан 44 есе арзан бағаға сатылған.

Антикор бұл қылмыстық іске экс-министрдің қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанда, «Қазақфильмнің» бұрынғы басшысына қатысты тергеу амалдары да басталды.

«Белгілі режиссер фильмдеріне Назарбаевтың кіші қызын бас продюсерлікке тарту арқылы Әлияны берік «қамал» ретінде пайдаланды ма? Бәлкім, екеуі әу бастан сыбайлас шығар, кім білсін?»  – деп жазады осы ретте DalaNews.kz.

Таңбалар: Ақан СатаевӘлия НазарбаеважемқорлықТомирис

Ұқсас мақалалар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген
Жаңалықтар

Алматының экс-әкімі элиталық жерлерді сатып, мемлекетке 80 млрд теңге зиян келтірген

25.06.2026
Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды
Жаңалықтар

Соңғы үш жылда медицина саласында жемқорлық саны күрт азайды

13.04.2026
Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды
Жаңалықтар

Қостанай облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны расталды

13.02.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist