РФ қаржы министрі ресейліктердің 40 трлн рубль ақшасын алғысы келіп отыр
МӘСКЕУ. 22 желтоқсан. РФ қаржы министрі Антон Силуанов президент Владимир Путинге ресейліктердің банктерде сақтауда тұрған 40 трлн ақшасын алып, «ел экономикасын дамытуға» жұмсауды ұсынды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей билігі азаматтардың ақшалай қаражаттарын «мемлекеттің қаржы егемендігін қамтамасыз ету», қаржы рыногының тұрақтылығын сақтау және экономиканы дамытуға қол жеткізу үшін іске қосуды жоспарластырып жатыр. Мұны қаржы министрі Антон Силуанов стратегиялық даму және ұлттық жобалар жөніндегі кеңес отырысында президент Владимир Путинге мәлімдеді.
Оның айтуынша, әңгіме азаматтардың жинақ қорына жинақталып қалған ондаған триллион рубль турасында болып отыр.
«Қазір депозиттердің көлемі 40 трлн рубльден асады. Мемлекет азаматтарды жинақ пен инвестицияның жаңа құралдарына жұмсауға ынталандырады», – деді Силуанов.
Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Росстаттың мәліметінше, 2023 жылдың шілде айының соңында Ресей азаматтарында 60,2 трлн рубль жинақ болған.
«Азаматтардың жеке жинақтары «жақсы ресурс», – деді Силуанов Путинге: «Бұл ресурс азаматтарға табыс әкелуі мүмкін және ол бірінші кезекте азаматтардың табысы үшін жұмыс істеуі керек және экономикалық даму көзі ретінде пайдаланылуы керек».