АСТАНА. 28 ақпан. Банкомат кенет карточканы «жұтып» қойса, оны кері шығарып алу ешқандай қиындық туғызбайды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.
«Стерлеград» басылымына сілтеме жасаған портал банкомат «жеп» қойған карточканы бір минуттың ішінде қалай шығарып алуға болатынын атап көрсетті.
Бұл үшін төмендегідей небәрі үш қарапайым әрекетті жасау керек:
– «Жою/Cancel/Отмена» батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.
– «Қызмет көрсетуді тоқтату» деген жазу шыққанша 10 секундтан бес минутқа дейін басып ұстап тұру керек.
– «Жою/Cancel/Отмена» батырмасын жібермей, екінші қолыңызбен «Ия» деген батырманы басыңыз.
Басылымның жазуынша, банкомат осыдан кейін картаңызды өзі кері шығарып береді.