Украин дрондарының Қырымға шабуылы рекордтық деңгейге жетті
МӘСКЕУ. 5 желтоқсан. Украина ұшқышсыз ұшақтарының Қырым түбегіне шабуылы өзінің шарықтау шегіне дейін көтеріліп, бұрын-соңды болмаған зобалаң әкеле бастады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Желтоқсанның 5-не қараған түні, яғни өткен түнде Қырым дрондардың биылғы жаздан бері көрмеген жаппай шабуылының астында қалды. Мұнда жалпы саны 41 беспилотник іске қосылды,
РФ қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қырым территориясы мен Азау теңізінің үстінде бірінші рет ұшақ тектес 22 дрон жойылған, тағы 13 беспилотникті радиоэлектронды күрес жүйесі ұстап алған.
Кейінірек әскери ведомство Азау акваториясы үстінде тағы 4 дрон жойылып, 2 беспилотник ұсталғанын баяндады. Әзірге қираған нысандар туралы ештеңе айтылып жатқан жоқ. Ресейліктер әдеттегідей оларды жасырып бағуға тырысып жатыр.
Осыған байланысты Қырым көпірі үстінде көліктер қозғалысы уақытша тоқтатылды.