Z лагеріндегілер Кадыровты есірте бермей, жөнге салуды талап етіп жатыр
МӘСКЕУ. 4 желтоқсан. Ресейдің Z армиясының өкілдері ойына келгенін істеуді қоймай келе жатқан шешен лидері Рамзан Кадыровты ауыздықтамаса болмайтынын алға тартуда. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ресейліктер Кадыровты Ресей мемлекеттілігінің негіздеріне нұқсан келтірді және Кавказды Ресей Федерациясынан бөліп әкетуге әрекет етіп жүр деп айыптайды», – деп жазады басылым.
Шешенстан көшбасшысы Рамзан Қадыровтың ашықтан-ашық арсыз, сұрбет мінез-құлқы тіпті ресейлік z-патриоттарды да шаршатты. Соңғы кездері Z-блогерлер Кадыровты ештеңе епсегі келмейтін он алты жасар қопал ұлын өзіне мүлде лайық емес түрлі наградалармен бөлеп тастап, мемлекеттік марапаттың өзін мазаққа айналдырып алғаны үшін жек көре бастады. Олар былайынша ақымақ адам болып көрінгісі келетін «Дон-донның» өзінің жеке тірлігін қатты көтеріп алғанын айтады. Бұған қоса, Рамзанды өзінің жеке басына табынушылық үрдісін дамытып, болашақта ол бүкіл Солтүстік Кавказды бөліп әкетуге дайындалып жатыр деп айыптайды.
Белгілі ресейлік жазушы әрі блогер Максим Калашников Қадыров өзінің іс-әрекетімен Ресей мемлекеттілігінің негізін бұзады деп мәлімдеді. Ресейлік Z-әскери қызметкер Егор Гузенко Ресейдің үшінші шешен соғысына үлкен қадамдар жасалып жатқанын айтты.
Ресейліктердің Қадыровқа деген наразылығын журналист блогер Денис Казанский Youtube-арнасында атап өтті, ол Шешенстан басшысына қоғамдастық үшін ауыр айып тағылған бірнеше бейненің үзінділерін жариялады.