Бразилия Путин G20 саммитіне келсе, оның қамалуы мүмкін екенін айтты
БРАЗИЛИА. 5 желтоқсан. Бразилия президенті Луис Инасу Лула да Силва Ресей президенті Владимир Путинді G20 саммитіне шақыратынын, бірақ мұнда оның қамауға алынбайтынына кепілдік бере алмайтынынын мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Путин [Бразилияға G20 саммитіне] келе ме, жоқ па, ол мұнда шақырылады. Бұл – оның өз шаруасы, ол мұның соңы немен аяқталатынын өзі ескеруі тиіс. Мұны мен шеше алмаймын», – деді Лула да Силва. Президент бұған Путинді қамауға алу немесе алмау мәселесін сот шешетінін, бұған республика басшысының еш қатысы жоқ екенін қосты.
2023 жылғы қыркүйекте Лула да Силва әуелі Путин елге ресми сапармен келе қалатын болса, оның тұтқындамауға уәде берген еді, ертеңіне бұл сөзінен айнып шыға келді. «Мен Путин Бразилияға беймалал келе алады деп есептеймін. Мен не айта аламын, егер мен елдің президенті болып отырсам, ол қамалмас еді дер едім», – деді Силва 10 қыркүйекте. Лекин ертеңіне Силва журналистермен кездесуі барысында Ресей президентінің қамауға алынуы жайындағы нақты сұраққа жауап бере тұрып: «Егер Путин [саммитке] келгісі келіп жатса, мұны үкімет емес, сот жүйесі шешетін болады», – деді.
2023 жылғы наурызда Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Владимир Путинді, сондай-ақ РФ-ның балалар құқығы жөніндегі омбудсмені Мария Львова-Белованы қамауға алу жөнінде ордер берген еді. Оларға Украинаның басып алынған территориясынан Ресейге балаларды депортация жасады, яғни ұрлап әкетті деген зор айып тағылды.