Путин Тоқаевқа Қазақстанда атом электр станциясын салып бермекке сұранды
МӘСКЕУ. 8 қараша. Ресей президенті Владимир Путин Астанаға келмей жатып, Қазақстан басшысына республикадағы бірінші атом электр станциясын салып беруге дайын екенін білдірді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Мұны РФ лидері Қазақстанға іссапармен келуіне бір күн қалғанда, телефон арқылы хабарласқан кезінде айтты.
«Ресей Қазақстанмен достық қатынаста болу мен «интеграциялық әріптестік» құруға үміт артады және республикада бірінші атом электр станциясын салып беруге әзір», – деді Кремльдің қожайыны.
Ресей бұқаралық ақпарат құралдары Владимир Путин Қазақстанға келген ресми сапары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты Баты санкциялары жағдайында үйлесімді әріптестік қызмет атқарудың қажет екеніне иландырғысы келетінін жазып жатыр.
Ресей Украинаға басқыншылық соғысын бастап кеткен кезінде Тоқаев оккупациялық армияның аннексиялап алған жерлерін мойындаудан бас тартатынын мәлімдеген болатын. Сол уақытта Қазақстан Еуроодақ елдері мен НАТО-ға қарай едәуір бет бұра бастады, Түркиямен келісімге келіп, Германияға мұнай жеткізуді қолға алды.
Биылғы қазан айының соңында Франция президенті Эмманюэл Макронның Қазақстанға сапары барысында француз еліндегі атом электр станциялаорын уранмен қамтамасыз етіп тұруға уәде берді. Сол сияқты Ресейді айналып өтетін Қытай – Еуропа одағы сауда дәлізін пайданаланып, мұнай тасқынын көтеруге бет бұрды.
Осылардың бәріне қарамастан, Қазақстаннан тірідей айырылғысы келмей отырған Владимир Путин «Ресей мен Қазақстанның әріптестігі «айрықша үйлесімді сипат құрайды» деп сеніп отыр.