Мәскеуде полиция балалар бақшасына басып кіріп, алты сәбиді алып кетті
МӘСКЕУ. 9 қараша. Мәскеуде күштік құрылымдар бір тұрғынның шағымымен Smile Fish жеке балалар бақшасын тексеруге келіп, жастары төртке дейінгі алты сәбиді учаскеге әкетті. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Балабақшаға келген тәртіп сақшылары мекеменің ата-аналармен жасасқан келісімшарттарының түпнұсқаларын көрсетуді талап етті. Бірақ қызметкерлер олардың тек көшірмелерін ғана көрсете алды. Содан кейін полицейлер тәрбиешілерді заңсыз жұмыс жасап жатыр деп айыптап, жастары төртке дейінгі алты жас баланы өздерімен бірге алып кетті.
Shot-тың бұл ақпарын Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеудегі бас басқармасындағылар растаған. Олардың айтуларынша, бір әйел «Ғарышкер Волков көшесіндегі тұрғын үйдің пәтері заңсыз балалар бақшасына айналдырылғаны» жөнінде «Роспотребнадзорға» арыз түсірген.
«Құқық қорғау қызметкерлері аталған пәтерге келгеннен кейін шын мәнінде ондағы 8 сәбидің денсаулықтары мен өмірлеріне жауапты бола алатын тұлғалардың жоқ екеніне көз жеткізеді. Ұйым қысқа мерзім ішінде тексеріп шыққанның өзінде балабақшаның тиісті құжаттарға сай жұмыс жасап жатпағанын анықтады», – деп мәлімдеді министрліктегілер.
Қызметкер сондай-ақ екі баланың сол жерде бірден өздерінің заңды өкілдеріне тапсырғандарын, ал қалғандары бөлімшеге әкеткендерін баяндады.
Инциденттің жағдайын анықтаумен Головин ауданаралық прокуратурасы айналысқан.
«Московский комсомолец» газетінің жазуынша, осындай дүрбелең болып жатқанына қарамастан, балабақша жұмысын әлі тоқтата қоймапты. Мекеме 9 қарашада қайта ашылатын көрінеді.
Smile Fish – Ресейдегі үй балалар бақшаларының ірі жүйесі. Ол 1985 жылы Хабаровскіде «Рыбка-улыбка» деген атаумен негіз қалаған.