АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Каримов құрған Өзбекстан машина шығарып келеді

ТАШКЕНТ. 28 ақпан. Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың инициативасымен кезінде «Узавтосаноат» акционерлік компаниясы құрылып, республиканың өз автомобильдерін шығара бастады. Бұл туралы «CentralAsia» сайты хабарлады.

Өзбекстан өзінің жеке көлігін шығаруды қалай бастады? Қазір бұл өндірістің жағдайы қандай?

Әңгімені осындай сұрақ қойып алып бастаған портал тілшісі Орталық Азия аймағында пайда болған бірінші автомобиль зауытының Асак қаласында бой көтергенін баяндайды.

2004 жылы «Узавтосаноат» ассациациясы акционерлік компанияға айналады.

Қазіргі таңда осы компанияның құрамына кіретін 85-тен аса кәсіпорын аталмыш салада жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Узавтосаноат» акционерлік компаниясында 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстанның автомобиль өндірісі 2019 жылы қаңтар-қараша айларында 253 421 автомобиль шығарған. Бұлардың арасында 70 222 «Нексия», 51 918 «Кобальт», 47 940«Дамас»,   40 392 «Джентра», 22 780 «Спарк», 7 603 «Трекер», 6 551 «Лабо», 5 889 «Малибу» маркалы машиналар бар.

Осылайша 2019 жылы автомобиль құрастыру көлемі соның алдындағы жылға қарағанда, 40 пайызға жуық өскен.

2019 жылғы қаңтар-қараша аралығында Өзбекстанда 1 512 автобус, 186,4 мың автомобиль двигательдері, 5 056 жүк көліктері шығарылған.

Қазіргі таңда «Узавтосаноат» АК «ISUZU», «MAN», «Shevrolet», «Ravon» бренд көліктерін шығаруды қолға алды..

Компанияның 100 пайыздық құрылтайшысы – Өзбекстан Республикасы мемлекеттік бәсекелестік комитеті жанындағы мемлекеттік активтерді басқару орталығы.

Осылайша Ислам Каримов құрған Өзбекстан 15 жылдан бері автомобиль шығару ісімен айналысып келеді. Басшылығының баяндауымен «әлемдегі үздік 50 елдің қатарына» кіріп қойып, енді «үздік 30-дың сапынан» табылу жолында «жанұшырып» жүрген Қазақстан ше? Ол не шығарады?

Бұл сауалға кім жауап бере алады?

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button