Түннен бері Путиннің өлгені, билік тұрпаттасына көшкені айтылып жатыр
МӘСКЕУ. 27 қазан. Ресейлік таблоидтар түннен бері РФ диктаторы Владимир Путиннің өлгені, Кремльде мемлекеттік төңкеріс болғалы жатқаны жайлы жарыса жазуда. Бұл туралы «Генерал СВР» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Қауесетке қарағанда, тиран кеше, 26 қазан күні кешке жантәсілім еткен сияқты. Мұны естіген ресейліктердің көпшілігі естен танып, дүрлігіп жатқанға ұқсайды.
Ақжолтай ақпардың ең әдепкі хабар таратушы мәнбесі ресейлік «Генерал СВР» telegram-каналы болды. Аталмыш ресурстың Кремльмен тікелей байланысы бар екені де белгілі.
Диктатордың қазасы жайындағы алғашқы ақпар Мәскеу уақыты бойынша шамамен 23:00 сағатта жарыққа шықты. Осындай пост жазған telegram-канал қайғылы оқиғаның бұдан бір сағат алдын орын алғанын атап көрсетті.
«Путин өзінің Валдайдағы резиденциясында қайтыс болды. Дәрігерлер Мәскеу уақытымен 20:42 сағатта оның өлгенін тіркеуге алды», – деп жазды ресейлік ресурс.
Арна сондай-ақ Ресейде қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев тобының «мемлекеттік төңкеріс» жасауға әрекет етіп жатқанын да баяндады.
«Қазір дәрігерлер Путиннің мәйітімен бірге бір бөлмеде оқшауландырылып қойылған, олар президенттің қауіпсіздік кеңесі қызметкерлерінің бақылауында отыр», – деп хабарлады telegram-канал. Таблоид тіпті Патрушевтің қазіргі сәтте Путин тұрпаттастарының бірін президент деп көрсетпек болып отырғанына да сенімді.
Арада бірнеше сағат өткесін ресейлік саясаттанушы Валерий Соловей де Путиннің өлгені хақында өзінің telegram-каналында жазды. «Тиран өлді», – деп атап өтті ол.