Украина әскерлері тәулікте мыңға жуық басқыншыны жер жастандырды
КИЕВ. 22 қазан. Украина Қарулы күштері соңғы тәулік ішінде 980 ресейлік оккупантты жаһаннамға, яғни тозаққа аттандырып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украин Қарулы күштері бас штабының мәліметінше, отан қорғаушылар сонымен қатар жаудың 18 танкісін, 19 жауынгерлік бронды машинасын, 15 артиллериялық жүйесін, 15 машинасын және 9 дронын жойған.
2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 221 қазанына дейін РФ-ның басқыншы армиясы шамамен мынадай шығынға ұшырады:
жеке құрам – 293830 адам,
танктер – 5081,
жауынгерлік бронды машиналар – 9631,
артиллериялық жүйе – 7032,
РСЗО / MLRS – 825,
ПВО құралдары – 549,
ұшақтар – 320,
тікұшақтар – 324,
дрондар – 5339,
қанатты ракетелар – 1535,
кемелер / катерлер – 20,
сүңгуір қайықтар – 1,
автомобильдер мен автоцистерналар – 9404,
арнайы техникалар – 991.
АҚШ-тың Соғысты зерттеу институты украин әскерлерінің тәулік ішінде Ресей күштерін Работино селосының батыс шегінен қуып тастағанын мәлімдеді.
Украина Қарулы күштері 21 қазанда Бахмутқа жақын жер мен Запорожье облысында қарсы шабуылдарын жалғастырды.