Ресей армиясы тәулікте көптеген техникасы мен 790 адамынан айырылды
КИЕВ. 21 қазан. Өткен тәулікте Ресейдің басқыншы армиясының майдан даласында 16 танкісі, 55 бронды машинасы қиратылып, 790 жауынгері опат болды. Бұл туралы «Украинская правда» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы 21 қазан күні таңертең украин сарбаздарының өткен тәулік ішінде жаудың 790 солдатын жер жастандырып, 16 танкісі мен 55 жауынгерлік бронды машинасын, 21 автоцистернасын жойып жібергенін баяндады.
Жалпы, тәулік бойына екі жақ әскерлері арасында 100-ден аса қақтығыс орын алған. Кремль диктаторы Владимир Путин айдап салып отырған жау жендеттері арсыздықпен Донецк облысының Константиновка селосындағы мектеп үйін әдейілеп тұрып ракетамен атқылаған. Бұдан кейін оқу ғимараты толық дерлік қиратылған.
Нақты айтқанда, оккупанттар украин әскерлерінің позициялары мен елді мекендеріне 9 ракета және 39 авиация соққысын беріп, дүркін отты реактивті жүйесемен 50 мәрте атқылаған.
Ресей әскерлерінің террорлық шабуылы салдарынан қаза тапқан және әртүрлі жарақат алып қалған бейбіт тұрғындар бар. Көптеген мектептерге, көп пәтерлі және жеке үйлерге, сондай-ақ басқа да азаматтық инфрақұрылымдарға елеулі зақым келген.
Авиациялық соққылар Луганск, Донецк, Херсон облыстарының бірқатар елді мекендеріне жасалды.
2022 жылдың 24 ақпанынан 2023 жылдың 21 қазанына дейін РФ-ның басқыншы армиясы шамамен мынадай шығынға ұшырады:
жеке құрам – 292 850 адам,
танктер – 5063,
жауынгерлік бронды машиналар – 9612,
артиллериялық жүйе – 7017,
РСЗО / MLRS – 822,
ПВО құралдары – 548,
ұшақтар – 320,
тікұшақтар – 324,
дрондар – 5330,
қанатты ракеталар – 1535,
кемелер / катерлер – 20,
сүңгуір қайықтар – 1,
автомобильдер мен автоцистерналар – 9391,
арнайы техникалар – 990.