26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты құлып астына алды

22 Қазан 2023 19:02
- Жаңалықтар, Құқық
Антикор бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты құлып астына алды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 22 қазан. Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевты қамағаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баласы, яғни інісінің ұлы – Самат Әбіштің жақын досы болып табылатын экс-министрге «лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деген күдік таңылып отыр.

Сол бойда интернетте оның қолға түсірілу жайы баяндалған ақпарат тарады. Онда 2023 жылғы 21 қазан күні сағат 5.30-да 1977 жылы 29 тамызда туған Бекетаев Марат Бақытжанұлы деген азаматтың қолға түсірілгені айтылған.

2016 жылғы қыркүйекте Әділет министрі болып тағайындалған Бекетаев 2022 жылғы қаңтардың басында басталған әйгілі Қаңтар оқиғасынан кейін орнынан алынып қалды. Ол сол уақытқа дейін өзін бақайшағына дейін «Ескі Қазақстан» деп аталатын тамыры жан-жаққа терең жайылып кеткен жемқор да әділетсіз жүйеге берілген адамы, сондықтан жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын оншалықты қыстыра қоймайтын өркөкірек лауазымды тұлға екенін танытып үлгерді.

«Батыр Бекетаевтың» ең сорақы жанжалдарының бірі 2009 жылы көрініс берді. Сол кезде әділет вице-министрі болып жүрген ол араққа тойып алып, көлік жүргізіп келе жатқанында жол полицейлерінің қолдарына түсіп қалады. Алайда мұның ақырында араққұмар шенеунік емес, Назарбаев кланының мүшесін «қамап тастауға» жүректері дауалаған полицейлер қызметтерінен кетуге мәжбүр болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шулы оқиғаның тап осылай аяқталуына жақында ғана Қаңтар оқиғасына байланысты тергеуге алынған Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қатты еңбек сіңірген көрінеді.

Бекетаевтың тағы бір жанжалды жайы молдованның ағайынды бизнесмендері Анатол және Габриел Статилерге қарсы сот процесімен байланысты. Аталмыш іс бойынша 2017 жылы Қазақстан Ұлттық қорының $22 млрд ақшасы бұғатталып қалып, мемлекет оны заң жағынан қорғауда орасан зор шығынға ұшырады.

Ал 2019 жылы Назарбаев өзінің президенттік өкілдігін тоқтатқаннан кейін Бекетаев жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын ашықтан-ашық мансұқ етуге анық нақты әрекеттер жасап бақты. Мысалы, 2019 жылдың 22 қарашасында ол Тоқаев қол қойған Назарбаевтың бірқатар салалардағы өкілеттілігін кеңейте түсуге бағытталған «Президенттің бірқатар актілерін өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» жарлығына түсіндірме бере келіп, кадр мәселесі бойынша соңғы сөзді айту құқығы Қауіпсіздік кеңесінде (сол сәтте оны Назарбаев басқаратын) екенін мәлімдеген болатын. Сол жолы бұл мәселеге Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің араласып, бәрінің ақ-қарасын айтып беруіне тура келген.

«Мен Әділет министрінің бұл пікірі дұрыс емес деп есептеймін. Бәлкім, журналистердің қысымымен Бекетаев сасып қалып, қате тұжырым жасаған да шығар, ең таңғаларлығы: мұндай деңгейдегі лауазымды тұлға өзінің функционалдық міндеттері шеңберіндегі кез келген мәселеге барлық уақытта біліктілікпен түсіндірме жасай алатын болуы тиіс қой», – деген еді Берік Уәли сонда Бекетаевтың мәлімдемесіне орай ҚазТАГ тілшісінің сұрағына берген жауабында түйінді кадрлық мәселенің бәрін Президенттің өзі шешетінін атап өте тұрып.

Еске сала кетейік, Бекетаев 21 қазан күні Президент Тоқаев жариялаған сыртқа заңсыз шығарылған активтерді қайтару науқаны аясындағы жемқорлық ісі бойынша құлып астына алынып отыр. Бекетаев қазір Қаңтар оқиғасына байланысты айыпты деп табылып, жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімовке жақын адамдардың бірінен саналады.

Атап өтейік, Қаңтар оқиғасына дейін Бекетаевтың кеңесшісі болған Жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі ұлттық бюроның бұрынғы басшысы Талғат Татубаев бұрынғы сенатор, бұрынғы Антикор басшысы Қайрат Қожамжаровпен бірге қолдан құрастырылған талай ірі қылмыстық істерге қатысы бар тұлға саналады.

Таңбалар: Әділет министріқаңтар оқиғасыМарат Бекетаев

Ұқсас мақалалар

Қаңтар оқиғасы жайлы тағы бір фолиант баспа жүзінен шықты
Жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы жайлы тағы бір фолиант баспа жүзінен шықты

26.12.2025
Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті
Жаңалықтар

Бас прокуратураға Алматы облысының экс-прокуроры жөнінде шағым түсті

26.08.2024
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды
Жаңалықтар

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа түсті

20.07.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist