Ресей Арменияның келесі «Украина» болуы мүмкін екенін айтып, қыр көрсетті
МӘСКЕУ. 18 қазан. ТАСС агенттігі Кремльдегі жоғары лауазымды мәнбенің дерегіне сүйеніп, Ресейдің Украинадан кейінгі майдан даласы болуы ықтимал екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Агенттіктің дерегінше, Армения (Хайастан) премьер-министрі Никол Пашинянның 17 қазанда Еуропарламентте сөйлеген сөзі оның Украина президенті Володимир Зеленьскийдің «жолымен жүріп бара жатқанын» білдіреді-міс.
Жоғары лауазымды мәнбе Пашинянның сөздерін «жауапкершіліксіз және арандатушылық лебі ескен, әсіресе, Ресей және Ресей-Армения қарым-қатынасына қатысты ойлары бұлыңғыр» деген баға берген. «Көрерміз олардың Арменияны қалай «№3 Украина» ететіндерін, егер «№2 Украинаның» Молдова екенін ескерсек», – деп атап өтті шенеунік агенттік тілшісіне.
Пашинян Еуропарламентте сөйлеген сөзінде «ресейлік бітімгерлердің әрекетсіздігі жағдайында» Таулы Қарабақты 100 мыңнан аса армянның тастап шығуға мәжбүр болғандарын алға тартқан болатын. Ол сондай-ақ «одақтастарды қауіпсіздік саласында» да айыптады. Армян премьерінің айтуынша, олар «көмектесу былай тұрсын, көпшілікті ашықтан-ашық Армениядағы билікті құлатуға шақырған.
Пашинян «2020 жылдан бері мұндай жағдайдың бірнеше рет қайталанғанын» және бұлардың «сыртқы агрессия, Арменияның қауіпсіздік саласындағы әріптестерінің әрекетсіздігі, сыртқы күштер бағыттап отырған гибридтік технологияны пайдалану жолымен елдің егемендігін шайқалтуға ұмтылу» деген бір ғана сценарий бойынша өрбігенін атап көрсетті.
Ереван мен Мәскеудің ара қатынасы Әзербайжанның 2023 жылғы қыркүйектегі әскери операциясынан кейін нашарлай түсті. Соғыс Қарабақтың тізе бүгуімен және 100 мыңна аса хайлардың ол жақты тастап шығуымен аяқталды. Сол кезде Пашинян Ресейді өз елінің тәуелсіздігіне балта шауып отыр деп айыптады, сондай-ақ ҰҚШҰ-ының жұмысы тиімсіз екенін, ал ресейлік бітімгерлердің Әзербайжан армиясына қарсы тұрып, міндеті сол болғанынан қарамастан, жанжалдың алдын алуға әрекет етпегенін баяндады.
Қазан айының басында Хайастан парламенті Рүм статутын ратификациялады. Осылайша республика өз елдерінің территориясына келе қалса, Халықаралық қылмыстық соттың ордері бойынша, Владимир Путинді тұтқынға алуға міндетті әлемнің 123 дәулеті қатарына қосылды.