17 Қазан, 17:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан футбол құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде жаңа сенсация жасады

17 Қазан 2023 23:28
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан футбол құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде жаңа сенсация жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ХЕЛЬСИНКИ. 17 қазан. Футболдан Қазақстан құрама командасы Еуропаның 2024 жылғы чемпионатының іріктеу турнирінде Хельсинкиде Финляндия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, тағы да сенсацияға қол жеткізді. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Матчтың алғашқы минутынан алаң иелері оның тізгінін өз қолдарына алды. Олар бірнеше рет қауіпті рейдтер жасады. Солардың бірінде 28-минутта фин шабуылшысы Роберт Тейлор шамамен 30 метр қашықтықтан соғылған айып добын Игорь Шацкий қорғаған қақпаға дәл бағыттай білді. Есеп – 1.0! Алаң иелері алға шықты.

Алайда екінші таймда қонақтар өздерін басқа қырларынан таныта бастады. Рас, олар алғашқы минуттарда бұрынғы сылбырлықтарынан арыла қоймады. Біздің жерлестеріміз біртіндеп күг қоса түсті. Олардың батыл шабуылдары ақырында екі жақтың да ашық ойын көрсетулеріне алып барды. Мұнда қазақ футболшыларының басымдылықтары байқалып жатты. Қорғаушы Бағдат Қайыров алаң иелері дарбазасына гол салуға сәл қалды. Команда капитаны Асхат Тағыбергеннің алыстан соққан тобы қақпа маңдайшасынан қайтты.

Тағы сондай шабуылдар сәтінде Александар Марочкинмен таласта фин қорғаушысы Роберт Йенсен допты қолмен қағып жіберді. Алаңдағы төреші, босниялық Ирфан Пельто мұны var арқылы анықтап, 11 метрлік нүктені көрсетті. Кездесудің 77-минутында белгіленген пенальтиді Бахтиер Зайнутдинов дәл ұрып түсірді. Осылайша таразы басы теңесті. Ал 89-минутта Рамазан Оразов берген бұрыштама допты қақпаға тура бағыттай білген Бахтиер матчтағы екінші голды соғып, өз командасына жеңіс алып берді. Сөйтіп, Суоми елі командасын 30 мың жанкүйері алдында жеңіп кетті. Тағы да кэмбек жасалды.

Айта кететін жайт, Зайнутдинов бүгінгі дублімен құрамадағы голдары санын 14-ке жеткізіп, бұған дейін сақталып келген Руслан Балтиевтің рекордын жаңартты.

Бұл күні Н тобынан Дания қонақта Сан-Мариноны 2:1, ал Словения Солтүстік Ирландияны сырт алаңда 1:0 етіп ұтты.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан мен Финляндия арасында Астанада биылғы 7 қыркүйекте өткен ойын 1:0 есебімен меймандардың пайдасына шешілген еді.

Сонымен, турнир кестесі қазір  мынадай көрініс беріп тұр:

 

№ Командалар  О  Ұ  Т  Ж       Доп Ұп.
1 Словения  8  6  1  1  17 – 6 = + 11  19
2 Дания  8  6  1  1  17 – 7 = + 10  19
3 Қазақстан  8  5  0  3  12 – 9 = +  3  15
4 Финляндия  8  4  0  4  12 – 9 = +  3  12
5 Солтүстік Ирландия  8  2  0  6   7 – 9 = –  2   6
6 Сан-Марино  8  0  0  8   1 – 26 = – 25   0

 

Іріктеу турнирінің аяқталуына екі тур қалды. Енді 17 қараша күні Қазақстан – Сан-Марино, Финляндия – Солтүстік Ирландия, Дания – Словения мачтары ойналса, 20 қарашада Солтүстік Ирландия – Дания, Сан-Марино – Финляндия, Словения – Қазақстан құрамалары өзара күш сынасады.

Егер алғашқы матчта қазақстандықтар жеңіске жетіп, Словения қонақта Даниядан ұтылып қалатын болса, соңғы турда топтағы екінші жолдаманың тағдыры Словения – Қазақстан арасындағы кездесуде шешіледі.

 

Таңбалар: жеңіскэмбекқазақстан құрамасысенсацияфутбол

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Рыбакина Соболенконы АҚШ ашық чемпионатының финалында жеңіп шықты
Жаңалықтар

Рыбакина Соболенконы АҚШ ашық чемпионатының финалында жеңіп шықты

13.09.2026
Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist