Израильде бүгін басталған соғыс барысында 100-ден аса адам қаза тапты
ТЕЛЬ-АВИВ. 7 қазан. Израильде ХАМАС қозғалысы бүгін таңертең бастаған алапат соғыстың соңғы мәліметі бойынша, 100-ден аса адамның опат болға. Бұл туралы The Times of Israel газетінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Палестина (арабша – Фаластин) жеріндегі ХАМАС жасағының шабуылы нәтижесінде Израильдің оңтүстік және орталық аудандарында кемінде 100 адам қаза тапқан, 900-ден аса адам жарақаттанып қалған.
Алайда Израильдің қарсы шабуылынан кейін опат болған палестиналықтар да аз емес. Олар әзірге 198 делініп отыр.
Израиль қорғаныс армиясының өкілі, контр-адмирал Даниэль Хагаридің айтуынша, ХАМАС тобы Израильдің біраз жерін басып алған, израильдік көптеген офицерлерді кепілдікке алып қойған.
Біздіңше, бұл жерде ХАМАС-қа «терроршылар тобы» деп кесіп баға беру қиын. Мұның түп тамыры тым тереңде жатыр. Әлемнің саяси картасына қондырылғанына бірер жыл ғана толған Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылғы шешімімен Таяу Шығыста әуелі Палестина, сосын Израиль мемлекеттері құрылуы керек еді. Бірақ арада бір жыл өткенде, Израиль мемлекеті пайда болды да, Палестина жойылып кетті. Бұған Израиль армиясының Палестинаны өзіне тиесілі аумақтан қуып шыққаны себеп болды. Міне, содан бері Палестина дербес дәулет болып құрыла алмай келе жатыр. Ал ХАМАС шын мәнінде сол мемлекеттің құрылуы жолында шайқасып жүрген палестиналық патриоттар армиясы еді.
Тағы бір айта кететін жайт, әу басынан Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан «мың жылдық бөлінбес қала» деген атау алған Иерусалим (еврейше – Йерушала, арабша – әл-Кудс, көне қазақша – Құдыс) екі жақ үшін ортақ шаһар болып белгіленген болатын. Сөйтіп, онда еврейлер де, арабтар да қатар орналасты. Бірақ Израиль билігі әлемдік қауымдастық тарапынан қаншама қарсылық болғанына қарамастан, былтыр қаланы елдің астанасы деп жариялап жіберіп, орталықты Тель-Авивтен осында көшіріп әкелді. Мұның бәрі, әрине, фаластиндіктердің намыстарын қайрап, ыза-кектерін бұрынғыдан бетер өршіте түсті. Сондықтан біз оларды «терроршылар» деп бағалай алмасақ керек. Осы тұрғыдан келгенде, палестиндіктер шабуылы исламның жасыл туы астындағы «ғазауат соғысқа» ұқсайтын сияқты.
Расында баяғы 1948 жылдан бері Израильдің бұларға көрсетіп келе жатқаны тек зорлық-зомбылық пен көтензорлықтан туған әділетсіз әрекеттер еді. Олар Фаластиннің қазір де мемлекет болып кетуіне жол беріп отырған жоқ.
Айтқандай, дәл қазіргі мәурітте келіп түскен мәліметтерге сәйкес, Израильде оққа ұшқандар саны 150-ден де асып барады екен.
Суретте: кезекті елді мекенді басып алған ХАМАС тобының жауынгерлері