Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы беретін болып шешіп отыр
ТЕЛЬ-АВИВ. 18 сәуір. Бұрнағы күні Иранның соққысына жауап қайтарудан бас тартқанын мәлімдеген Израиль билігін жоспардың өзгергенін баяндады. Бұл туралы The Jerusalem Post ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) елге дронмен шабуыл жасаған Иранға ақыры жауап қайтаратын болып шешім қабылдады. Ол парсы елінің ядролық нысандары мен ракета ұшыратын алаңдарына соққы бермекші. Бірақ оның жасалатын уақытын әлі белгілеген жоқ.
Мәтбұғаттың мәнбесі бойынша, қарымта соққы берудің нысанасы нұсқалары қатарында Иранның ядролық нысандары, сондай-ақ ұшқышсыз ұшақтар мен баллистикалық ракеталар ұшырылатын базалар бар. Сондай-ақ Иран ислам революциясын қорғаушылар корпусына қарсы санкция салу және жаппай кибер шабуыл жасау мәселесі қарастырылып жатыр.
Басылым әңгімешілері ЦАХАЛ-дың осы варианттар комбинацияларын тұтас қолдануы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Бұдан бұрын Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант елдің 500-ден аса әуе шабуылына тап болғанын мәлімдеген еді. Израиль территориясына 120-ге жуық баллистикалық ракета, 170 ұшқышсыз ұшақ және 30 қанатты зымыран шабуыл жасады.
Иран Израильге тікелей соққыны 14 сәуірге қараған түні берді. Шабуыл Израильдің 1 сәуір күні Иранның Шам шаһарындағы консулдығын атқылауына қайтарылған жауап ретінде жасалды. Соның салдарынан бірнеше адам қаза тапты, олардың арасында Иран ислам революциясын қорғаушылар корпусының генералдары Мохаммад Реза Захеди мен Мохаммад Хади Хаджи Рахими болды.
Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ-дың Иран шабуылына «түйсікпен емес, ақылмен» жауап қайтаратынына уәде берді.
Иран сыртқы істер министрлігі өз кезегінде Израиль шабуыл жасаған жағдайды оған Тегеранның бірнеше секунд ішінде қарсы соққы беретінін ескертті.